Қоғам

«Батырды дүниеге әкелген: Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті

17:10, 20 ақпан 2026 25

Танымал әнші Қайрат Нұртас Олимпиада жүлдегері, марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тенге арнайы барып, ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесі әдемі гүл шоқтарын табыстап, анасынің хал-жағдайын сұрады. 

"Кешегі жеңістердің барлығы алдымен Денистен бастау алды ғой. Денистей ұлды туған сізге мың алғыс. Бүкіл қазақ елінің анасысыз. Сізді жақсы көремін, Аман болыңыз. Сізге көп-көп рақмет", - деді Қайрат. 

Денис Теннің анасы Қайраттың бұл ізеттілігіне алғысын білдірді. Ол ұлы Денис Теннің Қайратты қатты жақсы көргенін, оның шығармашылығын бағалағанын айтты. Себебі Қайрат та өз-өзін жасаған мықты тұлға екенін айтып жүретін. 

Ол әншіге өзінің шәкірттерімен таныстырып, көмек сұрады. Қайрат Нұртас өз кезегінде қолынан келгенді аямайтынын айтты. 

Қайраттың қарапайымдылығына тәнті болған оқырмандар да алғыстарын жазуда. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз