$ 475.31
 555.54
 6.05

Бас прокуратура инвестицияларды қорғауда «100% кепілдік» жүйесін енгізді

Редактор
09.04.2026, 16:53
Бас прокуратура
Бас прокуратура
Астанада инвестицияларды қорғаудың жаңа тетіктері талқылануда.

Бас прокуратурада Берік Асыловтың төрағалығымен отандық және шетелдік инвесторлар өкілдерінің қатысуымен инвестицияларды қорғау жөніндегі форум басталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Парламент Мәжілісінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Қазақстан инвесторлары қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Еуропалық Одақтың елшісі қатысуда.



Сонымен қатар, бейнеконференция байланысы арқылы форумға өңірлердің әкімдері мен прокурорлары, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысуда.

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстандағы Инвестицияларды қорғау және қолдау мәселелері жөніндегі форумның ашылуында әр инвесторға жеке прокурор бекітілетінін мәлімдеп, елде инвесторлардың құқықтарын қорғау – ең басты мемлекеттік басымдық екенін атап өтті.

Ол «прокурорлық сүзгі» тетігі арқылы заңсыз тексерістер мен кедергілерге жол берілмейтінін жеткізді.

Бұл іс-шара Қазақстанда инвестицияларды қорғау — ең маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі екенін айқын дәлелдейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты ұстанымды айқындады: инвестор нақты қорғауды сезініп, ашықтық пен тұрақтылыққа сенімді болуы тиіс. Дәл осы қағидаттар еліміздің заманауи инвестициялық саясатының негізін құрайды. Қазақстан 48 үкіметаралық инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойып, елімізде қолайлы инвестициялық ахуал үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастырды, — деді Бас прокурор.

Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес прокурорларға заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау функциясы жүктелген, оның аясында прокуратура азаматтар мен бизнестің құқықтарын да қорғайды.

Бүгінде біз екі мың инвесторға көмек көрсетіп, 30 мың жұмыс орнын қамтитын 250-ден астам жобаның іске қосылуын қамтамасыз еттік. Қазақстан прокуратурасы тікелей Мемлекет басшысына бағынады, басқа мемлекеттік органдардан тәуелсіз және кез келген құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге қабілетті. Инвесторларды қорғау тетігін одан әрі күшейту мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен Инвестициялық омбудсменнің функциялары Бас Прокурорға жүктелді (2025 жылғы желтоқсан), – деді Берік Асылов.

Оның сөзінше, Бас прокуратура базасында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылған.

Өңірлерде мен облыс прокурорларының орынбасарлары деңгейінде инвестициялық прокурорларды тағайындадым. Қазақстандағы әрбір маңызды инвестициялық жоба прокурорлық сүйемелдеуде болады. Әрбір инвесторға нақты прокурор бекітіледі. Қазіргі уақытта Заңда барлық мемлекеттік органдар үшін «прокурорлық сүзгі» деп аталатын тетік көзделген. Олар прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, оның қызметін тоқтатуға, лицензиясын кері қайтарып алуға және өзге де шектеулер енгізуге құқылы емес. Бұл — біздің қадағалау функциямыздың жүзеге асырылуы. Егер мемлекеттік органның шешімі немесе әрекеті заңсыз болса — біз оны жоямыз, ал кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Егер заңнамада кедергілер болса — олар да жойылатын болады, — деді Бас прокурор.

Берік Асылов Комитетке мемлекеттік органдардың заңға тәуелді актілерін айқын немесе жасырын кедергілердің бар-жоғына қатысты ревизия жүргізуді тапсырғанын айтты.

Олар Конституцияда азаматтар мен бизнес үшін белгіленген кепілдіктерді төмендетпеуі тиіс. Бас прокуратура Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына толық сәйкес инвесторлардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді, — деді ол.

Сонымен қатар, Бас Прокурор Үкімет жанындағы Инвестициялық штабтың бизнестің мәселелерін жедел шешудегі негізгі рөлін атап өтті.

  • 2 жыл ішінде 200-ден астам инвестициялық жоба қаралды.
  • Жобалардың жалпы сомасы — 100 млрд АҚШ долларынан астам.
  • Инвестициялық келісімдердің көлемі 15 есеге өсті.

Бұл — инвесторлардың сенімінің көрсеткіші және тиімді үйлестірудің нәтижесі, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Жиында Роман Скляр бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы тұрақтылық танытып, әрі қарай өсу әлеуетін көрсетіп отырғанын айтты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдің ішкі жалпы өнімі 6,5%-ға өскен, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары.

Тек өткен жылы 10 млрд доллардан астам жалпы құны бар 330 жоба іске қосылды, соның ішінде KIA Qazaqstan және Astana Motors автокөлік зауыттары, EkibastuzFerroAlloys ферросилиций өндірісі, Алтай-Май майлы дақылдар өндірісі және басқалары бар.

Үкімет 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасын жаңартты және проактивті инвестициялық саясатты енгізуде, онда бөлек рөл «Бәйтерек» холдингіне берілген. Ол ұлттық инвестициялық холдингке айналды және Инвестициялық қызмет (Investment Board) құрылды. Айрықша назар инвестиорлардың құқықтарын барлық жұмыс кезеңдерінде қорғауды күшейтуге аударылады, бұл мемлекетке деген сенімнің негізі болып табылады, — деді Роман Скляр.

Оның айтуынша, инвестор құқықтарын қорғау архитектурасы нығайтылуда. 60 млн доллардан асатын жобалар үшін инвестициялық келісім құралы қолданылады, ол заңнама тұрақтылығын 25 жылға қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда мұндай 53 келісім жасалған.

Инвесторларды қорғауда прокуратура органдарының үлкен рөлін атап өтті, алдын алу шараларын қабылдау қажеттігіне назар аударды, — Дания Еспаева.