Композитор Қуат Әбіл мен әнші Баянсұлу арасында туындаған дауға нүкте қойылды. Бұл туралы өнер иелері әлеуметтік желіде видеоүндеу жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Қуат Әбілдің айтуынша, екі тарап ортақ келісімге келген.
«Қадірменді қазақ елі! Баянсұлу қарындасымыз екеумізде туындаған мәселеге дауға нүктесін қойдық. Барлығы орнында. Өзара келісімге келдік. Ешқандай бір-бірімізге өкпе-ренішіміз жоқ. Қол алысып, сіздерге үндеу жолдап отырмыз. Айып етпеңіздер! Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет!» – деді композитор.
Өз кезегінде Баянсұлу да бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, мәселенің толық шешілгенін жеткізді.
Айта кетейік, композитор Қуат Әбіл мен әнші Баянсұлу арасында бұған дейін туындаған түсініспеушілік әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Өнер иелерінің арасындағы келіспеушілікке шығармашылық мәселелер, соның ішінде әннің авторлық құқығы мен орындалуына қатысты пікір қайшылығы себеп болған еді.