Баламды аңдып жүргендер бар
yerbol
40
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов пробациялық тәртіпті бұзып, той тойлап жүрген ұлына қатысты пікір білдірді
21 жастағы Нұрасыл Болат былтыр ақпанда ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды соққыға жыққан. Алматы соты алғашында депутаттың ұлына 1 жарым миллион теңге айыппұл салып, бостандыққа қоя берген. Кейін даулы іс Жоғарғы сотқа жетіп, Нұрасыл Болат шартты түрде 2 жылға сотталған болатын.