$ 467.41
 533.88
 6.14

Бақытжан Базарбек: «Бір есік жабылса, екіншісі ашылады»

Редактор
11.07.2026, 10:47
ашық дереккөз
ашық дереккөз
Бақытжан Базарбек құрылтайға ұсынылған партиялық тізімнен көрінбеді.

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек желіде жазба жариялап, бұл қызметте өзін қолдаған жандарға алғыс білдірді, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Айта кетсек, Бақытжан Базарбек құрылтайға ұсынылған партиялық тізімнің бірде-біреуінде болмай шықты.
 

«Парламенттегі үш жарым жылдық қызметімде еліме және халқыма адал әрі принципшіл түрде қызмет етуге бар күш-жігерімді салдым. Бетке ұстар Парламент депутатына айналдым. Егер осы жолда халықтың сенімі мен құрметіне ие бола алсам, онда бұл еңбегімнің зая кетпегені.

Енді мен еркінмін және мен үшін жаңа кезең басталады. Бір есік жабылса, екіншісі ашылады. Өмірдегі әрбір кезең – жолдың соңы емес, жаңа белесі.

Маған сенім артқан, қолдау білдірген және әрдайым жанымнан табылған баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз маған әрдайым күш-қуат берді. Рақмет!»,- деп жазды Бақытжан Базарбек.