Атырау облысы – Қазақстанның батысындағы өндірістік өңір ғана емес, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне, балық шаруашылығының дамуына және экологиялық тұрақтылығына елеулі үлес қосып отырған стратегиялық аймақ. Сондықтан өңірдің тұрақты дамуы ауыл шаруашылығын жаңғырту, өңдеуші өнеркәсіпті күшейту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және еңбек адамын қолдау мәселелерімен тығыз байланысты.
Осы басымдықтар «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Жигули Дайрабаев пен Нұртас Байжановтың Атырау облысына жасаған жұмыс сапарының негізгі өзегіне айналды. Өндіріс орындары, табиғат қорғау мекемелері және шаруа қожалықтарының еңбек ұжымдарымен өткен кездесулерде партияның «Қуатты өңірлер – қуатты орталық» қағидатына негізделген «Гүлденсе ауыл, гүлденеді еліміз!» сайлауалды бағдарламасы жан-жақты таныстырылып, өңірдің даму перспективалары талқыланды.
Атырау облысында азық-түлік қауіпсіздігі туралы сөз қозғағанда, өңірдің балық шаруашылығы әлеуетіне назар аудару маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, Жаңаталап ауылдық округіндегі «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» ЖШС-мен танысу жұмыс сапарының маңызды бағыттарының біріне айналды. Сондықтан кәсіпорын ұжымымен кездесуде тек бүгінгі өндірістік мәселелер ғана емес, тұтас агроөнеркәсіп кешенінің болашағы да сөз болды.
Кандидаттар «Ауыл» партиясының азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, отандық өндірушілердің мүддесін қорғауға, өнім өндіру мен өңдеуді дамытуға, тауар өндірушілер кооперациясын кеңейтуге және агрологиялық инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған бастамаларын таныстырды. Партия бағдарламасында көрсетілгендей, Қазақстан өзін толық азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуеті жоғары аграрлық державаға айналуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттік қолдау ең алдымен нақты өнім өндіретін кәсіпорындарға бағытталуы қажет.
Кездесу барысында өндірістік кооперацияны дамыту, экспорт көлемін арттыру, ауыл кәсіпкерлеріне тұрақты әрі түсінікті экономикалық жағдай қалыптастыру, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды. Кәсіпорын қызметкерлері де саланы дамытуға қатысты ұсыныстарын білдіріп, мемлекеттік қолдау тетіктеріне қатысты пікір алмасты.
Балық шаруашылығы тақырыбы жұмыс сапары барысында Махамбет ауданындағы «А-Дана» кәсіпорнында да жалғасын тапты. Қатысушылар өндірістік қуатты арттыру, ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету және қайта өңдеу саласын дамыту жөнінде пікір алмасты. Кандидаттардың айтуынша, ауылдағы әрбір табысты өндіріс орны – бұл тек кәсіпкерліктің емес, өңірдің әлеуметтік тұрақтылығының, жаңа жұмыс орындарының және халықтың әл-ауқатының кепілі.
Алайда азық-түлік қауіпсіздігі өндіріс көлемімен ғана өлшенбейді. Ол табиғи ресурстарды сақтаумен және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараумен де тікелей байланысты. Сондықтан жұмыс сапары барысында кандидаттар ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында болып, оның қызметімен танысты.
Резерват мамандарымен кездесуде табиғи экожүйені сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау, орман және қамыс алқаптарындағы өрттің алдын алу, цифрлық бақылау жүйелерін енгізу мәселелері көтерілді. Бұл бағыттар «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы экология бөлімінде нақты көрініс тапқан. Партия табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, жердің құнарлылығын сақтау және экологиялық қауіпсіздікті күшейтуді елдің ұзақ мерзімді дамуының маңызды шарты деп санайды.
Жұмыс сапарының келесі бағыты ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізудің тиімділігін көрсеткен шаруашылықтар болды. Исатай ауданындағы «Ерасыл» шаруа қожалығында кандидаттар тамшылатып суару технологиясының қолданылуымен, мал азығын дайындау жұмыстарымен және өндірістегі заманауи тәсілдермен танысты.
Бүгінде климаттың өзгеруі мен су тапшылығы жағдайында мұндай технологиялардың маңызы артып келеді. Сондықтан «Ауыл» партиясы бағдарламасында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру және фермерлерге қолжетімді қаржы құралдарын қалыптастыруға ерекше назар аударылған. Мұндай бастамалар еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Осы бағыттағы әңгіме «Дибдиева.З» шаруа қожалығында жалғасты. Кездесуде мал шаруашылығын дамыту, ауыл кәсіпкерлерін қолдау және өндіріс тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Кандидаттар ауыл еңбеккерлерінің күнделікті еңбегі ел экономикасының негізі екенін атап өтті.
«Ауыл» партиясының ұстанымы бойынша, ауылдың дамуы ең алдымен еңбек адамына жасалған жағдаймен өлшенеді. Сондықтан партия ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, Агробанк құру, өнім өндіру мен өткізудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру, агрологиялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл тұрғындары үшін қолжетімді қаржы құралдарын енгізуді стратегиялық міндеттердің бірі ретінде қарастырады.

Атырау облысындағы жұмыс сапары тағы бір маңызды шындықты көрсетті: өңірдің әлеуеті мұнаймен ғана өлшенбейді. Оның болашағы – ауыл шаруашылығы, балық өндірісі, өңдеуші өнеркәсіп, табиғатты қорғау және ең бастысы, өз жерінде еңбек етіп жүрген адамдардың әлеуетімен тығыз байланысты. Сондықтан «Ауыл» партиясы үшін өңірлерді дамыту – жекелеген жобаларды жүзеге асыру емес, ауыл кәсіпкерін, өндіріс орындарын және еңбек адамын қолдауға негізделген жүйелі мемлекеттік саясат.
«Қуатты өңірлер – қуатты орталық» қағидатын басшылыққа алған партия дәл осы мақсатқа қызмет ететін нақты бастамаларды ұсынады. Өйткені ауыл дамыса – өндіріс дамиды, өндіріс дамыса – өңір күшейеді, ал қуатты өңірлер ғана Қазақстанның орнықты дамуы мен әрбір азаматтың әл-ауқатының берік негізіне айналады.
Шығарған ұйым: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
Тапсырыс беруші: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
Төленді: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің сайлау қорының қаражаты есебінен.