Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-де бразилиялық қарсыласын жеңіп, титулды кездесуге жақындай түсті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.


Жерлесіміз АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында қазанның 19-ынан 20-сына қараған таң алдында өткен UFC Fight Night бәсекесінде бразилиялық Маттеус Николаудан басым түсті. Төрешілер бірауыздан қаазақстандық спорты жеңді деген шешім шығарды. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Алмабаев өзінің балуандық қабілетін тамаша танытып, тактикалық шеберлігімен ерекше көзге түсті.

Айта кетейік, спортшының бұл UFC-дегі төртінші, жалпы ММА мансабындағы 21-ші жеңісі. Осылай Асу соңғы 17 жекпе-жегінің бәрін жеңіп келеді.