23-24 қарашада Beeline Arena спорт кешенінде пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді.


23-24 қарашада Beeline Arena спорт кешенінде пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасының пара дзюдошылары Париж Паралимпиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алған. Енді санаулы айдан кейін қазақстандық спортшылар жанкүйерлерінің алдында шеберліктерін көрсетпек, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазады.

Турнирде 10 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады. Жарыстың басты ерекшелігі – жаңа Олимпиада цикліне байланысты салмақ дәрежелерінің өзгеруі. Ерлер енді 70, 81, 95 және +95 келіде, ал әйелдер 52, 60, 70 және +70 келіде жүлде үшін күреседі.

Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада бағдарламасына кірмейтін екі салмақта (ерлер – 64 келі, әйелдер – 46 келі) жүлделер үлестірмек.

Додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан намысын Астана қаласының үш параспортшысы J1 санатында қорғайды.

Асылан Нұрдаулетов (73 кг);
Бауыржан Арыстанбеков (90 кг);
Ерболат Бекентаев (90 кг).

23 қараша күні Beeline Arena спорт кешенінде сағат 15:00-де ашылады  Жарыстар күн сайын сағат 10:00-де басталады.