Астанада қонақүйде босанып, шақалақты кәріз құбырына ағызып жіберді деген 29 жастағы күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана тұрғындары үйлерінің маңындағы кәріз жүйесінен нәрестенің денесін тауып алғаны хабарланған еді. Олар әйел тұрғын үйдің жанындағы қонақүйде босанған деп болжайды. Полиция тергеу басталғанын мәлімдеген еді.
Бүгін Астана қалалық полиция департаментінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне елордадағы қонақүйлердің бірінде нәресте шаранасының табылғанын хабарлады. Бұл дерек бойынша күдікті 29 жастағы әйел ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.