Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.