Ресей тарапы Қазақстанды «көлеңкелі тәртіп» ұйымдастырды деп айыптаған


Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік инспекция комитеті ЕАЭО аумағында өсімдік шаруашылық өнімдерін бақылаусыз жылжыту мақсатымен «көлеңкелі тәртіпті» ұйымдастыру үшін ешқандай шара қолданбаған. Сондықтан, Россельхознадзордың осы жөніндегі мәлімдемесін негізсіз деп санайды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Фитосанитарлық сертификаттарды беру – Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-08/590 «ҚР аумағын карантин нысандарынан және жат түрлерден қорғау ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен қатаң реттелген мемлекеттік қызмет.

Дегенмен министрлік фитосанитарлық сертификаттарды алу кезінде карантинге жататын өнімдерді «жалған» компанияларға рәсімдейтін қазақстандық алаяқ компаниялар мәселесі бар екенін мойындайды.

«Жалған» компаниялардың болуы тек Ресей үшін ғана емес, Қазақстан үшін де өзекті. Өйткені, біздің елімізге ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импорттаушылардың мекенжайына өнімдер әкелінеді, олар өздеріне импорт жүргізіліп жатқанын білмейді. Алайда, бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында шешу мүмкін емес екенін ескеру қажет. Оны ЕЭК деңгейінде шешу қажет, деп жазылған министрлік хабарламасында.