Ақтөбе облысында із-түзсіз жоғалып кеткен екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген мәліметінде, 1 желтоқсан күні екі адамның жоғалып кеткені туралы хабар түскенін жеткізді. Әлеуметтік желіде 16 жастағы жасөспірім мен 27 жастағы ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат тараған. Олар 30 қараша күні үйінен шығып, қайта оралмаған.
Полиция дереу іздестіру жұмыстарын бастады. Өзен жағасынан олардың мобильді телефондар табылды.
Іздеу жұмысына ТЖД қызметкерлері, әскери қызметшілер және еріктілер қосылды. Өзеннің жағасы мен суы да толықтай тексерілді.
«Іздеу шаралары барысында жоғалғандардың зорлық-зомбылық белгілері жоқ денелері өзеннен табылды. Тергеу шаралары жалғасуда, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.