$ 462.87
 540.72
 6.16

Ақтау — түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болды

Редактор
19.11.2024, 14:12
Depositphotos
Depositphotos
Ақтау Түрікменстанның Анау қаласынан эстафета қабылдады. Бұл туралы Ашхабадта өткен ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің 41-ші отырысында мәлім болды. 

Ақтау Түрікменстанның Анау қаласынан эстафета қабылдады. Бұл туралы Ашхабадта өткен ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің 41-ші отырысында мәлім болды. Шарада маңғыстаулық делегация Анау қаласынан «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесін қабылдап алды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Биыл Түрікменстанның Анау қаласы жыл бойы түркітілдес ағайындыларды қабылдап, кинофестивальдар, көрмелер, ғылыми конференциялар, жастар форумдарын қоса алғанда, түрлі халықаралық іс-шаралар өткізген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ақтау түркі әлемінің астанасы

Фото: Қоғамдық коммунакация орталығы

Енді бұл миссия Ақтау қаласына жүктелді. Маңғыстаудың орталығы Ақтауда да сондай іс-шаралар жоспарланған. Оған қоса, ақындар айтысы, суретшілер мен мүсіншілер симпозиумы, қолөнершілер фестивалі, тарихи-ғылыми конференциялар өткізіледі. Сондай-ақ, Ақтауда түркі әлемінің ұлы ғалымдарының өмірі мен еңбектеріне арналған кездесулер және басқа да маңызды танымдық іс-шаралар өткізу көзделген.

«Ақтау — Түркі әлемінің мәдени астанасы» мерейлі жылы аясындағы шаралар 2025 жылдың наурыз айында басталады.