Ақмолада полицейлер жүздеген көлікті ертіп жүрді (ВИДЕО)
Облыс аумағында қар борап, жол қозғалысы қиындаған
Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты полицейлер 700-ден астам көлікке жол бастап жүрді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Polisia.kz жазуынша, 6 қарашада Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардың бірнеше учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілген.
Жолда оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында полицейлер көліктерге жол бастап жүрді. Полицейлер жүргізушілерге колоннада жүру ережелерін, белгіленген жылдамдық режимі мен аралықты сақтау қажеттілігін түсіндірді. Нәтижесінде Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін 150 көлік, оның ішінде 100 жеңіл және 50 жүк көлігін ертті, деп жазылған хабарламада.
Одан бөлек, Щучинск қаласынан Астанаға 574 көлік, оның ішінде 360 жеңіл және 214 жүк көлігінің қауіпсіздігі қамамасыз етілген. Патрульдік полицейлер колонналар құруды және жол бойында көлік құралдарын алып жүруді жалғастырып жатыр.