Қоғам

Ақмола облысы: Ас беру кезінде газ баллоны жарылған

18:08, 17 қараша 2024 126

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылындағы бұрынғы намазханада ас беру кезінде газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды және 16 адам зардап шекті. Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары барды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Қорғалжын ауданындағы оқиға орнына Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Ердос Рамазанов барды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті көмек көрсетеді», - деп таратты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Айта кетсек, Ақмола облысында бұрынғы намазханада ас беру кезінде газ баллоны жарылып, үш адам мерт болған.  Зардап шеккен 16 адам Астана қаласына ауруханаға жеткізілді. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз