$ 469.52
 553.75
 6.15

Яна Легкодимованы өлтіргендер «Қара бүркітке» жеткізілді

Редактор
20.04.2026, 10:48
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Ақпарат расталды.

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясына этаппен жеткізілді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бұл мәліметті Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растады.

Алдын ала дерекке сүйенсек, уақытша ұстау изоляторында болған сотталғандар 19 сәуір күні арнайы вагонмен жөнелтілген.

Еске салайық, 2025 жылғы 17 қарашада сот Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимовты жәбірленушіні аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын.

Кейін ақпан айында олардың апелляциялық шағымы қаралып, Атырау облыстық соты алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Осылайша сот шешіміне сәйкес, қос сотталушы жазасын ерекше режимдегі «Қара бүркіт» мекемесінде өтейтін болды.