Орталық сайлау комиссиясының Құрылтай сайлауына дайындық мәселелеріне арналған отырысында AMANAT партиясынан сайлауға қатыспау туралы ресми хат келіп түскені хабарланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Отырыста сөз сөйлеген Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова соңғы жылдары жүргізілген саяси реформалардың нәтижесінде партиялық заңнама жетілдіріліп, жаңа саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілгенін айтты. Оның мәліметінше, 2022 жылы партияларды тіркеу үшін қажетті мүшелер саны 20 мыңнан 5 мың адамға дейін қысқартылып, осы өзгерістердің нәтижесінде үш жаңа саяси партия тіркелген.
Сонымен қатар, вице-министр қазіргі таңда елімізде сегіз саяси партия тіркелгенін атап өтті.
«Саяси партиялардың съездерінде AMANAT партиясының «Әділет» партиясына қосылуы туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта қажетті ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жүргізілуде», – деді Ботагөз Жақселекова.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясына AMANAT партиясынан алдағы Құрылтай сайлауына қатыспайтыны туралы ресми өтініш келіп түскен.