12 маусымда түннің ортасына қарай Түрксіб ауданында жоғары дәрежедегі шақырту бойынша өртке шыққан кезде Международная көшесінде жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын екі тұрғын үйдің өртенуіне байланысты оқиға орнына бара жатқан өрт сөндіру көлігі аударылып қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Көлік жедел түрде қалпына келтіріліп, техникалық жағдайы қалыпты, оқиға орнына жұмылдырылды.
Өрт шыққан орында жедел штаб құрылып, бірнеше сөндіру учаскелері ұйымдастырылды. 15 техника бірлігі мен 50-ден астам жеке құрам жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Өрт туралы нақты мәлімет бойынша, бірнеше меншік иесіне тиесілі "барачный" тұрғын үйде өрт шығып, көршілес төрт иелікке тиесілі басқа үйге, монша мен шаруашылық құрылысына тараған. Жалпы өрт аумағы 500 шаршы метрді шарпыды.
Өртті сөндіру кезінде газ баллоны жарылып, абырой болғанда жеке құрам арасында зардап шеккендер жоқ. Оперативті шаралардың арқасында сағат 00:55-те өрт оқшауланды. Өртті сөндіру барысында бір адамның мәйіті табылды, – делінген ақпаратта.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.