Турнирге Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев, Almaty Management University ректоры Гүлнар Тұрдәліқызы және «Тоғызқұмалақ» федерациясының қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақтың 4 мың жылдық тарихы бар. Өткен жылы Алматы қаласы тоғызқұмалақтың дүниежүзілік ордасы, яғни астанасы деп танылды. Сол себепті қазір іс-шаралар тоғызқұмалақ бойынша өтіп жатыр. Шахматты да, тоғызқұмалақты да, басқа да спорт түрлерін бірдей дамытып жүрміз», – деді Мейіржан Отыншиев.