$ 467.58
 543.66
 6.44

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді

Редактор
18.05.2026, 14:03
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Облыстық полиция департаменті әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмғанын хабарлады.

Алматы облысында әйелді көлікпен басып өлтірген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 16 мамырда Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары "Қапшағай-Бақанас" тас жолында қызметтік көлікпен өз әйелін қағып кеткен.

Облыстық полиция департаменті әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмғанын хабарлады.

"Полиция қызметкерлері әйелін көлікпен қағып кетті деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті басшылығы тергеу барысын ерекше бақылауға алды.