Қоғам

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды

15:28, 13 ақпан 2025 49

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қамауға алынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Ержан Бабақұмаров 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

29 қаңтарда түнгі сағат 3-те полиция оны Астанадағы Төлебаев көшесінде Toyota Land Cruiser Prado-ны тоқтатты. Тексеру мас болудың жеңіл дәрежесін көрсетті. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Ержан Бабақұмаровты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі («Көлік құралын мас күйінде басқару») бойынша кінәлі деп таныды, – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған. Одан кейін 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз