Әлем чемпионы Аружан Зейнуллаеваға ауылдастары ат мінгізді

Редактор
17.11.2024, 20:00
Әлем чемпионы Аружан Зейнуллаеваға ауылдастары ат мінгізді
Әлем чемпионатынан алтын медаль алған 17 жастағы қазақстандық боксшы Аружан Зейнуллаева мен жаттықтырушысына ауылдастары құрмет көрсетіп, тұлпар мінгізді.

Әлем чемпионатынан алтын медаль алған 17 жастағы қазақстандық боксшы Аружан Зейнуллаева мен жаттықтырушысына ауылдастары құрмет көрсетіп, тұлпар мінгізді, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Аружан 27 қазан мен 3 қараша аралығында Черногорияның Будвада қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленген болатын, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ол 81 келі салмақта финалда өзбекстандық Рухшон Парпиевамен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Турнирде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 10 қола алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.