Шоу-бизнес әлемі

«Әкеме тіл тигізу болмасын!»: Нұрлан Еспановтың ұлы халыққа үндеу жасады

12:14, 01 қазан 2025 466

"Қайрат – Реал" ойынына билет сатумен айналысты деген сынға қалған Нұрлан Еспановтың ұлы бұл айыптауларды теріске шығарды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, өзінде ешқандай билет болмаған, тек достарының өтінішімен жариялап қойғанын түсіндірді.

"Бұл Пранк! Жалпы деймін да, менде не жұмыстарыңыз бар? Менде билет жоқ! Бар болса стадионда жатпаймын ба өзім! Ит-пен құстың бәрі салып жатыр ғой миллиондап билетті. Бұл активность көтеру мақсатында салынды. Және ол билеттер менде жоқ! Сондықтан артық кетпеңіздер! Мен не сатсам да өзім білем ғой! Біреудің жұмысына шаруаларыңыз болмасын! Әркім өзі біледі ғой не сатса да. Мен жай ғана біреудің билеттерін өзіме салдым болды. Аз да результат бар, бүкіл Қазақстан шулалды. Бұл Маркетинг, бұл пиар! Артық кетпеңіздер! Менің әкеме, отбасыма тіл тигізу болмасын! Аман болыңыздар! Қайратқа тек сәттілік пен жеңіс тілеймін!", - деп жазды ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз