$ 464.77
 541.36
 5.41

Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды

Редактор
31.08.2026, 14:06
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Аида Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, ал 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.

1999-2004 жылдары Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жұмыс істеді. 2004 жылы Алматы қалалық ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімін басқарды. 2006 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры болды. 2010-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылы Президент Әкімшілігіне ауысып, Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2019 жылы Аида Балаева Президенттің көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.

2020 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. 2022 жылы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне кірісті.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Президент Жарлығымен Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

2025 жылғы 1 желтоқсанда Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау