Анталия қаласында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогында бесінші орынға ие болды.


Анталия қаласында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогында бесінші орынға ие болды. Сергей Квактың шәкірттері бесінші орын үшін бәсекеде Франция құрамасымен кездесті. Топтық бәсекеде қазақстандықтар франциялықтарды 2:1 есебімен жеңген болатын. Бұл жолы Дамир Жалғасбай бірінші ойында Фердинан Ливені 6:3, 6:4 есебімен ұтты, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Екінші бәсекеде Заңғар Нұрланұлы Муаз Куамеге есе жіберді - 1:6, 2:6, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Шешуші, жұптық сында Дамир Жалғасбай - Даниэль Тазабеков Муаз Куаме - Даниэль Жадты тізе бүктірді - 6:3, 1:6, 10:5.

Өткен жылы командалық әлем чемпионатына тұңғыш рет жолдама алған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 10-орынға іліккен еді.

Бұл жолы көрсеткішін едәуір жақсартып отыр.