Париж Олимпиадасына қатысып, 5-орын алған Әбиба Әбужақынова дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері атағынды.


Париж Олимпиадасына қатысып, 5-орын алған Әбиба Әбужақынова дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері атағынды., - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл туралы дзюдошы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

«Дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болдым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады. Сондай-ақ, Елдос ағам алтын нашивкасына қол жеткізді. Елдос ағамның жолын берсін деп ырымдадым», — дейді Әбиба Әбужақынова.

Дзюдошы Әбиба Әбужақынованың еншісінде әлем чемпионатының екі күміс жүлдесі бар. Ол 48 келі салмақта күреседі. Атырау облысының атынан Париж Олимпиадасына қатысқан ол қола жүлде үшін белдесуде швед палуанынан ұтылып қалды. Дегенмен, төртжылдық додада 5-орынға тұрақтады.