Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы діни күндер кестесін жариялады.
Мүфтият бекіткен күнтізбеге сәйкес, келесі жылы ораза 19 ақпанда басталады. Қадір түнін қазақстандықтар наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні күтеді.
Рамазанның аяқталуына арнайы дастархан жайылып тойланатын тағы бір діни мереке - Ораза айт 20 наурызға дөп келіп тұр.
Ал Құрбан айт 27 мамырда басталып, үш күнге созылады. Сәйкесінше, айт алдындағы арапа - 26 мамыр.
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.
"Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін", - деп ескертті басқармадағылар.
Сонымен қатар мұсылмандар үшін қасиетті түндер - Миғраж түні қаңтардың 15-інен 16-сына қарағанда, Бараат түні ақпанның 2-сінен 3-іне қарағанда аталады. Ал Мәуліт айы 25 тамызда кіреді.