$ 475.09
 551.06
 5.87

«120 мың теңгеге балаларым жұмыс істемейді»: Нұртас Айдарбеков әнші ұлы туралы айтты

Редактор
02.04.2026, 16:19
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Мемлекеттік қызметтің жалақысымен оның отбасының қазіргі деңгейін ұстап тұру мүмкін емес.

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков Аман Тасығанға берген сұхбатында ұлының өмір салты мен жұмысқа деген көзқарасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, Қайрат кеңседе отырып жұмыс істейтін адам емес және мемлекеттік қызмет оның табиғатына сәйкес келмейді.

«Қайрат бір кабинетте отырып жұмыс істейтін адам емес. Оның табиғаты да, өмір сүру дағдысы да басқа», – деді ол.

Сондай-ақ Нұртас Айдарбеков мемлекеттік қызметтің жалақысы отбасының қазіргі өмір деңгейін ұстап тұруға жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметтің жалақысымен оның отбасының қазіргі деңгейін ұстап тұру мүмкін емес. Балалары да жақсы өмірге үйренген, сұраныстары өте жоғары», – деді ол.

Бұдан бөлек, ол ұлының туыстарын жұмысқа орналастыру мәселесіне қатысты да ойын жеткізді. Айтуынша, Қайрат кейде бауырларын жұмысқа орналастыру туралы ұсыныс айтқанымен, өзі бұған қарсы.

Сонымен қатар Нұртас Айдарбеков балаларының төмен жалақыға жұмыс істеуге дайын емес екенін жасырмады.

«Менің балаларым 120 мың теңге жалақы алатын жұмысқа бармайды. Себебі ондай еңбекақыға жұмыс істейтін адамдардың өмірге деген көзқарасы да бөлек болады», – деді ол.