Жамбыл облысының Мерке ауданында жанармай құю бекетінде Ресей азаматына пышақпен шабуылдауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың айтуынша, полиция қызметкерлері зардап шеккен шетелдік азаматқа дереу көмек көрсетіп, оны ауруханаға жеткізуге жәрдемдескен.
Күдікті қылмыс ізін суытпай қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеу барысы тікелей менің бақылауымда., — деді Ержан Сәденов.
Ақпаратқа сәйкес, дәрігерлер жәбірленушіге тиісті медициналық көмек көрсеткен. Қазір оның өміріне қауіп жоқ. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан.