Қоғам

«Биткоин – харам»: Мүфтият криптовалюта қолдануға қарсы шықты

17:16, 31 наурыз 2025 91

ҚМДБ биткоин туралы пәтуа шығарды. Оған сәйкес, криптовалюта шариғатқа қайшы және мұсылмандардың оны пайдалануына  тыйым салынады деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Шариғат бойынша қандай да бір ақша негізге алынуы үшін мемлекет тарапынан шығарылуы керек және оның кепілдігі мен қорғауында болуы шарт.  Ал, биткоин ешбір ұлттық валютаның сипатына келмейді. Өйткені, ол мемлекеттік органдардың кепілдігімен әрі қаржылық заңдармен қорғалмаған. Нақты активтері жоқ, орталықтандырылмаған виртуалды ақша. Кез-келген сәтте оның нарығы күрт өсуі немесе түсуі мүмкін. Бұдан адамдар зиян шегеді. Сондықтан, бұл валютамен шұғылдану адамның мал-дүниесін арам жолмен жеуге әрі оның құқықтарын жоюға алып барады - дейді ҚМДБ.

 

Биткоинның процесстері көбіне жасырын жүзеге асады. Бұл өз кезегінде шариғат тыйым салған алдауға, алаяқтыққа соқтырады делінген мүфтият пәтуасында.

 

Сауда-саттықта зиянға жол берілмейді. Биткоин валюта немесе тауар ретінде жауапты тараптардың бақылауынан тыс қалады. Бұл елдің ішкі экономикасына кері әсерін беріп, қоғамның тұрақсыздануына алып баруы мүмкін. Өйткені, ол арқылы тыйым салынған сауданың таралуы, ақшаның жымқырылуы, деструктивті топтардың қаражат аударымдары орын алуы ықтимал, - делінген діни басқарманың ресми сайтында.

Айта кетерлігі, Мысырдың пәтуа комитеті мен Еуразия мұсылмандарының пәтуа шығару кеңесі де биткоинға тыйым салған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз