Қоғам

500 млн теңге: «Семей орманы» резерватының бұрынғы қызметкерлері қамауға алынды

14:39, 22 сәуір 2025 89

Абай облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңірдің орман алқабын көгалдандыру мен қалпына келтіруге арналған қарағай көшеттерін ұрлау бойынша қылмыстық схеманы әшкереледі, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, қылмыстық топтың құрамына жергілікті тұрғындар мен «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері кірген.​

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Павлодар облысында 38 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды. Олардың барлығы қамауға алынды.​ 260 мыңнан астам көшет тәркіленді, олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асады, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ішкі істер министрлігі еске салады: орман қорын заңсыз кесу, жою және ұрлау ел экологиясына орасан зор зиян келтіреді және одан да ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз