Қоғам

327 мың адамның қалтасын қаққан: Қаржы ұйымдары басшыларының мүлкіне тыйым салынды

11:10, 14 сәуір 2025 91

327 мың қазақстандықты алдаған заңсыз МҚҰ-лардың мүлкіне 32 млрд теңгеден астам сомаға тыйым салынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті прокуратурамен бірлесіп, «Creditum», «Sofi Finance», «Hava Finance», «SF Offline», «POS Credit» және «Сәлем Кредит» МҚҰ-ларының басшыларына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

Бұл ұйымдар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, 327 мың азаматты тақырға отырғызған. Оларға келтірілген шығын — шамамен 30 млрд теңге.

Қарыз алушылар бастапқы сомадан бірнеше есе артық төлем жасап, кепілдік шарттарын мәжбүрлі түрде рәсімдеуге тура келген. Салдарынан олар алған несиенің 3-5 есесіне дейін төлеуге мәжбүр болған.

Тергеу аясында МҚҰ шоттарына 1,8 млрд теңге, ал олардың 30 млрд теңге көлеміндегі несие портфеліне шектеу қойылды. Ұйымдастырушы 2 айға қамауға алынды. Сонымен қатар, 225 млн теңгеге бағаланған екі пәтер мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктер бұғатталды.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз